Семей сабыны – сұраныста

Семей сабыны – сұраныста

Семей сабыны – сұраныста
ашық дереккөзі
Тұрмыстық химия саласындағы түрлі жаңалыққа қара­мастан қай кезде де тұтынушысы табы­ла­тын тауар – кір сабын. Мұның себебі аталған өнімнің үй ша­руасында көп қол­данылатыны әрі бағасының тө­мендігінде бол­са керек. Ал сабын өн­діру ісіне келсек, көзін тапқанға бұл – тиімді бизнес. Өйткені шикізат нарық­та қолжетімді. Семей тұрғындары Марғұлан Баймұхаметов пен Рауан Мыр­за­таев шағын цехты жалға алып, кір сабын өндірумен айналысып келеді. Ежелден келе жатқан кәсіпті қолға алған қос азамат бұл бизнесті бастағанына небәрі үш ай болса да, ісі ақырындап алға жылжып келе жат­қанын айтады.  width=Марғұланның негізгі маман­ды­ғы қаржыгер болса, Рауан бұған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс іс­теген. Бірігіп жеке кәсіп ашуды ұй­ғарған олар мамандардан сабын жа­сау техникасын үйреніп, қала­да­ғы ғимаратты жалға алыпты. Әзір­ге шағын цехта да үш адам жұ­мыс істейді. Орта есеппен күніне 800-1 000 сабын өндіріледі.
«Қыркүйек айынан бастап са­бын жасау туралы идея келді. Сөй­тіп, Рауан екеуіміз қажетті ақ­па­раттарды іздеп, зерттеп, желтоқсан айын­да кәсібімізді бастадық. Кір са­бын жасау технологиясын үйрен­геннен кейін қажетті құрал-жаб­дық­тарды алып, тәуекелге бел буып, іске кірісіп кеттік. Кәсібімізді 3 ми­ллион теңгемен бастадық. Бір қуа­нарлығы, Семей тұрғындары отан­дық өнімге барынша қолдау біл­дірді. Сондықтан «Семей кір са­быны» деп атағанды жөн санадық. Кө­лемі екі түрлі сабын жасаймыз. Бірі – 200, екіншісі – 250 грамм. Кө­­­лемі үлкен болғандықтан, адам­дар көбіне 250 грамдығын алады», – дейді Марғұлан Баймұхаметов.
 width=Сабын жасаудың әдіс-тәсіл­дері туралы ақпарат интер­нет­те қолжетімді. Алайда жас кә­сіп­керлер шаруашылық сабын жа­саудың ерекше технологиясы бар екенін, бүгінде соны негізге ала оты­рып сапалы өнім шығарып отыр­ғанын айтады. Соның нәти­же­сі болар, аз уақыттың ішінде тұ­рақ­ты тұтынушылары да пайда бол­ған. Ең бастысы, отандық на­рық­та шикізат қоры жет­кі­лікті. Кә­сіпкерлер бұл тұр­ғыда сенімді серік­тес тауып, тұрақты бай­ла­ныс жа­сап отыр­ға­нын айтады.
«Елімізде сабын өн­ді­рісі жақсы да­мып жа­тыр. Кір сабын жасайтын кә­­сіпкер көп. Дегенмен үй шаруа­­шы­лығына пайдасы көп бұл өнімге де­ген сұраныс азай­ған емес. Бұл ха­лықтың үлкен се­ні­мінің белгісі деп ойлаймын. Сұраныс өте жоғары деп айта аламын. Өйткені өндіріс қуа­тының аздығына байланысты кей­бір тапсырыс берушілерге біраз уа­қыт күте тұруын өтінетін жағ­дай­лар болады. Тіпті, бірде Ресей­ден үлкен көлемдегі тапсырыс түс­­ті. Нақтырақ айтсақ, екі аптада 100 мыңнан аса сабынға тапсырыс ал­дық. Бірақ амалсыздан бас тар­туға тура келді. Өйткені бұл – тек ірі кәсіпорындар орындай алатын іс. Алдағы уақытта та­ғы бір станок сатып алып, өндірісімізді кеңей­тіп, жұмысшылар са­нын көбейту ойымызда бар. Тұтынушылар тарапынан жағымды пікір естіп жатырмыз. Бұл бізге алға қарай қадам басуға күш-жігер сыйлайды. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, көздеген мақсатымызға жету үшін тынбай еңбектене береміз. Сапаға жұмыс істеп, әрбір тұ­тынушының тапсырысын уақы­ты­лы, кешіктірмей орындау үшін ба­рымызды салып жатырмыз. Әрине, басты мақсат – Қазақстан нары­ғына сапалы өнім ұсыну», – дейді Рауан Мырзатаев.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ