Жеңілдетілген автонесие: Қазақстанның қай өңірінен өтінім көбірек түсті?

Жеңілдетілген автонесие: Қазақстанның қай өңірінен өтінім көбірек түсті?

Жеңілдетілген автонесие: Қазақстанның қай өңірінен өтінім көбірек түсті?
ашық дереккөзі
Өнеркәсіпті дамыту қоры autonesie.kz платформасын іске қосқаннан кейінгі нәтижелерді таныстырды деп хабарлады turkystan.kz. Zakon.kz сайтының мәліметінше, Өнеркәсіпті дамыту қоры осы жылдың 6 ақпанында Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де autonesie.kz сайтында Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформа іске қосылғанын еске салды. Платформаның алғашқы іске қосылу қорытындысы бойынша, пулда 19 мен 62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелді.
«Платформа іске қосылғаннан бері autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте 9,3% байқалды. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль брендтері – Hyundai және Chevrolet», - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі.