Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатыр (ВИДЕО)

Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатыр (ВИДЕО)

Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстандық құтқарушылар Түркияда жойқын зілзала болған жерде жедел іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, жер сілкінісі болған орында жағдай өте күрделі.
«Қазіргі уақытта Ататүрік көшесінде үйінділерді тексеру жұмыстары жүруде. ҚР ТЖМ құтқарушылар тобы екіге бөлінген. Негізгі топ осыдан 100 метр жерде бір нысанда жұмыс істеп жатыр. Екінші топтағы 10 адам осында түрік құтқарушыларына үйінділерді тексеруге көмектесуде. Өйткені, үй толық қираған, оның астында біреу қалса, жедел құтқару керек», – деді бірінші вице-министр агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
https://www.youtube.com/watch?v=Mhkty-69fBE