Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
8 ақпанда Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыс орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, 9-10 ақпанда көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында кей жерлерде тұман түседі. Алматы қаласында өткінші тұман күтіледі, 9-10 ақпанда жолдарда көктайғақ болады. Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстікте тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1-6 градус жылыдан 0-5 градусқа дейін төмендейді. Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алакөл маңында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде аздаған қарлы боран соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында 15-20 м/с-қа дейін барады. Ақтау қаласында көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстікте тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, таулы және тау етегіндегі аудандарда – 15-20, таулы асуларда екпіні – 25 м/с, күндіз ауа температурасының күрт төмендеуі – 10-15 градус, солтүстік аудандарда 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3-8 градус салқын. Түркістан қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с, ауа температурасының 11-13 градустан 3-5 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Шымкент қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с, күндіз ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін - 12-14 градустан 3 градусқа дейін байқалады.