Ресейге пияз тасымалдамақ болған көліктер шекарадан кері қайтарылды

Ресейге пияз тасымалдамақ болған көліктер шекарадан кері қайтарылды

Ресейге пияз тасымалдамақ болған көліктер шекарадан кері қайтарылды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысы шекарасында Ресейге пияз тасымалдамақшы болған 24 көлік анықталып, кері қайтарылды деп хабарлады turkystan.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
«Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу пунктіне келген АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. тиісті түсініктеме берді. Кәсіпкерлер бұл мәселеге қатысты оң жауап берді. Нәтижесінде пияз тиелген 24 автокөлік Түркістан облысына кері қайтарылды. Қазір «Сырым» өткізу бекетіндегі жағдай тұрақтандырылды», - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетсек, 28 қаңтарда Қазақстанда пиязды ел аумағынан әкетуге үш айға тыйым салынды.