Павлодарлық полицейлер зейнеткерлерге күштеп қар күретпек

Павлодарлық полицейлер зейнеткерлерге күштеп қар күретпек

Павлодарлық полицейлер зейнеткерлерге күштеп қар күретпек
ашық дереккөзі
277
Павлодардағы жер үй тұрғындары тәртіп сақшыларына деген ренішін жеткізді. Полицейлер мұндағы зейнеткерлерге мәжбүрлі түрде көшедегі қарды тазалатпақ.   Skifnews.kz сайтының хабарлауынша, зейнеткерлер билік өкілдерінің бұл тапсырмасымен келіспеген жағдайда айыппұл төлейміз бе деп қорқады. Ал, аз ғана зейнетақыны әкімдіктің жұмысына төлеу олардың жоспарында болмаған. "Бізге көмектесудің орнына керісінше, соңғы тыйынымызға дейін санап алмақшы. Біздің көшеде негізінен зейнеткерлер тұрады. Әр қайсысымыз ай сайын шамамен 40 мың теңгеден аламыз. Жуырда біздің үйге және көршілерге учаскелік инспектор келіп, ешкім қол қоймаған ескертуді ұстатып кетті. Егер қар тазаланбаса айыппұл төлейтінімізді айтты. Нақты қай аумақтағы қарды тазалауымыз керек, сол анық емес", – дейді 66 жастағы зейнеткер Галина Стрельцова. Тұрғындарға берілген ескерту қағазы кәсіпкерлерге арналып жазылған көрінеді.  Ал, зейнеткерлер болса бизнеске еш қатысымыз жоқ дегенді айтып отыр. Галина Стрельцова өзге тұрғындар секілді тек ауласын ғана қардан тазалауға қауқарлы. Ал, күрек ұстап көшеге шығуға олардың шамасы келмейді. Оның орнына прокуратураға барып, полицейлердің үстінен арызданбақ. "Біздің айыппұлмен қорқытудың не қажеті бар? Біздің территориямыз қоршауымыздың ішінде ғана. Ал, оның сыртын, яғни көшені қалалық коммуналды қызмет өкілдері тазалауы тиіс", – дейді зейнеткер.

Серіктес жаңалықтары