Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзарды
ашық дереккөзі
Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзарды. Бұл туралы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«30 қаңтарда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, Козачковты қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді», - делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.