Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзарды. Бұл туралы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«30 қаңтарда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, Козачковты қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді», - делінген сот хабарламасында.Еске салсақ, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.