Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы атанды

Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы атанды

Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы атанды
ашық дереккөзі
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Осы тізімде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына жеткеннен кейін 25-орыннан бірден 10-орынға шықты. Ол алғаш рет Қазақстанның спорт тарихында үздік ондыққа кірді. Бұған дейін Қазақстан теннисшілерінен ешкім ондыққа кіріп көрген емес. Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр. Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:
  • 10 (+15). Елена Рыбакина – 2815;
  • 44 (+3). Юлия Путинцева – 1114;
  • 449 (+34). Жібек Құламбаева – 102;
  • 506 (+79). Гөзал Айнитдинова – 82;
  • 543 (-73). Анна Данилина – 70;
  • 1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.