Ғылым жетістіктерін паш етті

Ғылым жетістіктерін паш етті

Ғылым жетістіктерін паш етті
ашық дереккөзі
449
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінде қазақ­стан­дық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-инновациялық жетістіктері көрмесі өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған көр­меде ЖОО ғалымдарының табысты ғы­лыми әзірлемелерімен қатар, сту­дент­тік стартаптар таныстырылды. Мұнда келушілер назарына Әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атын­дағы Қаз­ҰТЗУ, ҚазҰАУ, С.Асфендияров атын­дағы ҚазҰМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Ғылым қоры», Ақпараттық және есептеу тех­нологиялары институты, Жану мә­селелері институты, Зоология инсти­ту­ты ғалымдары өз жетістіктерін ұсынды. ҚазҰУ ғалымдары ұсынған жобаның бірі – бірнеше жылдық тәжірибеге сүйе­ніп жасалған топырақты мұнайдан та­зар­татын табиғи минерал. Жоба же­тек­шісі, Химиялық физика және ма­те­риалтану кафедрасының профессоры Ердос Оңғарбаевтың айтуынша, мұның ең басты артықшылығы – мұнай қалдық­та­рымен ластанған жерді соңғы саты­сын­да тазарта алуында. Яғни, бұл әдіс то­пырақтағы мұнай мөлшері 5-10 пайыз­дан аспайтын жағдайда қолда­ны­лады. Әрі екінші рет ластануға мүмкіндік бермей, процесті басқаруға жол ашады. Ал Ақпараттық және есептеу тех­но­ло­гиялары институтының ғалымы Өр­кен Мамырбаев қазақ тіліндегі дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыра ала­тын автоматты түрде тану жүйесін әзір­леді. Бүгінде «Kazak ASR» зияткерлік жүйесін Telegram-да тексеріп көруге болады. Сондай-ақ көрмеге «Ғылым қоры­ның» ҚазҰУ-мен бірлескен нанома­те­риал­дарға негізделген қабылдағыштар, білім беру мекемелеріне арналған шағын ға­рыш аппараттары бойынша жобалары, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Қа­ла­лық жылу желісінің сандық егізі» жобасы, Зоо­логия институтының «Қазақстан жа­нуарларының Қызыл кітабын және си­рек кездесетін және құрып кету қаупі төн­ген жануарлар бойынша электрондық де­ректер базасын әзірлеу» жобасы және өз­ге де 30-дан астам инновация қойылды. Ғылым және жоғары білім министр­лі­гінің қолдауымен жүзеге асқан ауқым­ды шара көрмеден соң «Университет ғы­лымының дамуы – Қазақстанның ин­новациялық дамуының қажетті алғы­шар­ты» атты ғылыми-тәжірибелік кон­фе­ренцияға ұласты. Алқалы жиында ЖОО ректорлары, ғы­лыми-зерттеу институтының дирек­тор­лары, академик-ғалымдар, оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар бас қосты. Шараның ашылуында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құт­тықтау сөз сөйледі. Ғылым мен ин­но­вацияны дамытудың және Мемлекет басшысы айтқан әртараптандырылған, технологиялық экономиканы құрудың маңызын атап өтіп, министр универ­си­тет­тердің бүгінгі даму барысына тоқтал­ды. Қазір елімізде шетелдік бес жетекші зерттеу университетінің филиалы ашыл­ды. Университет ғылымын тұрақты қар­жыландыру үшін 2023 жылы бес пи­лоттық оқу орнында эндаумент-қор­лар­ды ашу бойынша нысаналы капитал қор­лары туралы жеке заң тұжырымда­ма­сы және жол картасы әзірленді. Жиында сөз алған Ғылым және жо­ғары білім министрлігі Ғылым коми­те­тінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки елі­міз­дің жоғары оқу орындарының негізгі же­тістіктері туралы айтып, қойылған мін­деттерге назар аударды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев өз баяндамасында ғылыми-зерт­теу және тәжірибелік-конс­трук­тор­лық жұмыстардың нәтижелерін эко­номиканың нақты секторына айналдыру үшін университетте «идеяны қалыптас­тырудан – оны коммерцияландыруға дейін» технологиялық дәлізі құрылғанын айтты. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ин­теллектуалдық әлеуеті зор. Оқу ор­нында Қазақстан және әлемге іргелі ғы­лым саласындағы зерттеулерімен таныл­ған беделді ғылыми мектептер бар», – деп атап өтті университет басшысы. Қатысушылар озық тәжірибе алмасу, ғылыми ұйымдар мен университеттер ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қол­дады. Сонымен қатар жиында жо­ғары оқу орындарын зерттеу универси­тет­теріне трансформациялау, ғылыми-тех­нологиялық даму саласындағы заң­наманы жетілдіру мәселелері талқы­лан­ды. Содан соң екі күнге жоспарланған кон­ференция жұмысы параллель сек­ция­ларға жалғасты. Онда «Студенттердің ғы­лыми-зерттеу жұмыстарын ұйым­дас­тыру», «Ғылыми-технологиялық дамуды қам­тамасыз етудің нормативтік-құқық­тық базасы», «Инновациялық универси­тет экожүйесі: технопарктерді, зерттеу хаб­тарын, инжинирингтік орта­лық­тар­ды және бизнес-инкубаторларды іске асырудың сәтті кейстері» бағыттары қарас­тырылуда.

Серіктес жаңалықтары