Алматы қаласындағы Республика сарайында ЮНЕСКО эгидасымен ұйымдастырылған THE PLANET OF ART – 2025 халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклінің Гала-концерті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шараны Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен және А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Сахнада Әзербайжан, Армения, Гондурас, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғыз Республикасы, Латвия, Мексика, Нидерланды, Ресей, Румыния, АҚШ, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Швейцария елдерінен келген 18 елдің 12 мен 18 жас аралығындағы 40 лауреат өнер көрсетті. Олар вокал, аспаптық және хореографиялық бағыттар бойынша өз шеберліктерін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен, маэстро, «Astana Ballet» театры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен өнер көрсетті.
«Биыл жоба бұрын-соңды болмаған ауқымға жетті — фестивальге 18 елдің өкілдері қатысты, ал Гала-концертке екі жарым ыңнан астам көрермен жиналды. THE PLANET OF ART жыл сайын өз көкжиегін кеңейтіп, жаңа буынды ЮНЕСКО құндылықтарының рухындағы өзара түсіністікке, достық пен шығармашылыққа шабыттандырып келеді», – деді Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерацияларының президенті Болат Ақшолақов.

Концерт бағдарламасына Абай Құнанбайұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Петр Чайковскийдің, Сергей Рахманиновтың, Антонио Вивальдидің, Жорж Бизенің шығармалары, сондай-ақ мерейтойлық және халықаралық мәдени оқиғаларға арналған заманауи музыкалық туындылар енді.
ЮНЕСКО эгидрасының аясыгда өткен THE PLANET OF ART халықаралық жастар фестиваліне биыл 20 жылдан аса ұйымдастырыл жатыр. Осы кезеңде жоба әлемнің түрлі елдерінен шамамен 90 000 қатысушыны қамтып, ұлттық деңгейден халықаралық деңгейге дейін кеңейді.
2025 жылы фестивальдің музыкалық циклі Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясына төрағалық етуі аясында, Алматы қаласы Әкімдігінің, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің қолдауымен өтті.
Фестивальдің басты мақсаты — дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдениеттер арасындағы диалогты нығайту және «бейбітшілік мәдениеті» тұжырымдамасын ілгерілету. Іріктеу нәтижесі бойынша лауреаттар 26 қазан мен 5 қараша аралығында Қазақстанға шақырылып, кәсіби шеберлікті арттыруға және мәдени алмасуға бағытталған 10 күндік білім беру және мәдени бағдарламаға қатысты.
«Мен үшін THE PLANET OF ART – 2025 секілді ауқымды және шабыттандыратын фестивальде Әзербайжанды таныстыру үлкен құрмет болды. Бұл жай ғана шығармашылық алаң емес — бұл мәдениеттер тоғысатын, халықтар арасындағы достық пен түсіністік орнайтын орта. Фестивальдің әр күні музыкаға, эмоцияға және жаңа әсерлерге толы болды. Мен ұйымдастырушыларға өнердің осы керемет әлемін сезінуге және ЮНЕСКО эгидрасымен біріктірілген үлкен халықаралық отбасының бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын», – деді аспаптық бағыт лауреаты Исмаиладзе Джалаля (Әзербайжан).

Ұйымдастырушылардың пікірінше, THE PLANET OF ART фестивалі әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас таланттар арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайта отырып, мәдениеттер диалогы мен халықтар достығын дамытуға үлес қоса береді. Бұл жоба – өнердің адамдарды біріктіріп, шабыттандырып, өзара түсіністік пен гуманистік құндылықтарға негізделген болашақты қалыптастыра алатынының жарқын дәлелі.