Жамбыл облысында дәрігерлердің нәрестені қаншаға сатқаны анықталды

Жамбыл облысында дәрігерлердің нәрестені қаншаға сатқаны анықталды

Жамбыл облысында дәрігерлердің нәрестені қаншаға сатқаны анықталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатып жіберген деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 12 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады.
«Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Нәресте Тараз қаласының Сәбилер үйіне орналастырылды», - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.