Париж вокзалы диверсия салдарынан жұмысын тоқтатты

Париж вокзалы диверсия салдарынан жұмысын тоқтатты

Париж вокзалы диверсия салдарынан жұмысын тоқтатты
ашық дереккөзі
Париждің Шығыс вокзалы диверсия салдарынан жұмысын тоқтатты, - деп хабарлады  turkystan.kz Euronews-ке сілтеме жасап. Пойыздар қозғалысы Вэр-сюр-Марн коммунасы ауданында кабельдердің зақымдануынан тоқтады. Болған оқиға бастапқыда оқыс жағдай ретінде қабылданды. Алайда, кейін өрт қасақана жасалғаны анықталды. «SNCF-тің жұмыс бригадалары өртелген 48 кабельді шығыс жырасынан тапты. Бұл - қасақана вандализм акті. Соған байланысты арыз түсірдік», - деді SNCF өкілі Анн-Мари Пальмье. Сейсенбі күні желіге TGV жүрдек пойыздары, TER қалааралық электричкалары және Transilien өңіраралық пойыздар шыққан жоқ. Аталған оқиға Францияның шығыс бөлігіне, сондай-ақ Швейцарияға, Германияға, Аустрия мен Люксембургке сапар шегуді жоспарлаған көптеген жолаушының жоспарын бұзды.