Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
ашық дереккөзі
«ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш.Нұразхан ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда. Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш.Нұразхан ұсталды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш.Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды.