Атыраулық әйелдің жатырынан 8 келі миома алынды

Атыраулық әйелдің жатырынан 8 келі миома алынды

Атыраулық әйелдің жатырынан 8 келі миома алынды
ашық дереккөзі
Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері науқастың жатырынан 8 келі миома алды деп хабарлады turkystan.kz Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, 53 жасар науқас қабылдау бөлімшесіне келгенде іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, бас айналу және жыныс жолдарынан қан кетуіне шағымданған. Дәрігерлердің толық тексеруі нәтижесінде науқасқа «Жатырдың алып миомасы. Түйін некрозы, орташа анемия» диагнозы қойылды. Облыстық аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Бекенова, гинеколог дәрігерлері - Іңкәр Оңдасынова, Мақсат Туғанбаев жасаған ота сәтті өтіп, салмағы 8 келі миоманы алып тастаған. Науқас қазіргі уақытта гинекология бөлімшесінде қарқынды ем алып жатыр.