Таразда болған өрт кезінде құтқарушыны тоқ соққан
Тараздағы базарда болған өрт кезінде құтқарушыны тоқ соқты деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 қаңтарда сағат 13:22-де Тараз қаласы, Ақсай базарындағы сауда орнында болған өрт кезінде құтқарушыны ғимарат маңында үзілген электр сымынан шыққан тоқ соққан, - делінген хабарламада.
Оқиға өрт сөндіру жұмыстарына дайындық кезінде (жауынгерлік қанат жаю) болған.
Тоқ соққан адам Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау кіші сержанты, 1998 жылы туылған Нұрболат Қонақбай.
«Абырой болғанда, құтқарушының жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында болады»,- деп толықтырды баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Тараз базарынан өрт шығып, 4 адам құтқарылғанын
хабарлаған болатынбыз.