Тараз базарындағы өрт сөндірілді

Тараз базарындағы өрт сөндірілді

Тараз базарындағы өрт сөндірілді
ашық дереккөзі
Тараз базарындағы өрт сағат 14.56-да сөндірілді деп хабарлады turkystan.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің нақтыланған ауданы 1050 шаршы метрді құраған.
«Өрт сөндірушілер жағдай қайталанбау үшін жұмыстар жүргізуде», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бүгін 13.22 -де Жамбыл облысы ТЖД өртке қарсы бөлімшелеріне «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимаратта шатырдың жануы туралы хабарлама түскен. Жамбыл облысы құтқарушыларының күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылды. Ғимаратта сауда бутиктері, киім-кешек, ойыншықтар, екінші қабатта маталар мен перделерді сату бөлімдері орналасқан. Өрт орнында Жамбыл облысы ТЖД 50-ден астам өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.