Есептен мүдірмеген 4 жасар бала желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Есептен мүдірмеген 4 жасар бала желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Есептен мүдірмеген 4 жасар бала желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде есепке жүйрік баланың видеосы тарады. Күрделі сандарды ауызша қосып жатқан төрт жасар бала көпшілікті ұшқыр ойымен, зеректігімен таңғалдырды деп хабарлады turkystan.kz.

Ислам Купбай Шардара ауданына қарасты Егізқұм елді мекенінде тұрады. Баланың ерекше қабілетін байқаған достары қызық көріп бейне таспаға түсіріп алған. Видео бірден желі арқылы тарап кетті.

«Ислам - отбасындағы төртінші перзент, үйдің кенжесі. Әкесі Канатбек Сайтмамбетов баласының бойындағы зеректігін атасынан дарыған болар деп топшылайды. Өйткені, Исламның атасы есепті «шемішкеше шағатын», мықты математик болған. Тегінде, қанында бар қасиет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әйтеуір біреуіне бақ болып қонары аян. Бұл сөзді анасы Гүлнар Канарбаева да құптап отыр», - делінген ҚазАқпарат материалында.

Ислам бүгінде балабақшаға барып жүр. Тілі 3 жасында кеш шықса да, қазір қатарластарының алды. Бүлдіршінді ауылдастары «Есеп шығаратын бала» деп атап кеткен. Оның өзінен де аты-жөнін сұрасаң, дәл осылай жауап береді. Арманы асқақ бүлдіршін болашақта үлкен математик болғысы келеді.

https://youtu.be/qmbtToU3LIo