«ҚазМұнайГаз» бос орындарға арналған сайт ашты

«ҚазМұнайГаз» бос орындарға арналған сайт ашты

«ҚазМұнайГаз» бос орындарға арналған сайт ашты
ашық дереккөзі
«ҚазМұнайГаз» ұлтық компаниясы жұмыс іздеп жүрген мамандарды жаңа сайтта тіркелуге шақырып отыр. Сол жерде түйіндемені қалдырып, оны үнемі жаңартып отыруға болады. Компанияда жаңа вакансияларға іріктеу жұмысы барысында жұмысқа шақырып қалуы әбден мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ HR департаментінің командасы жоғары білікті кандидаттарды тарту бойынша сервисті жетілдіру және жақсарту үшін күн сайын жұмыс жүргізіп отырады. Біз Сіздерге жаңа бос орындар сайтының іске қосылғанын қуанышпен хабарлаймыз! Енді Сіздер өз түйіндемелеріңіздің жағдайын бақылап, жаңарта аласыздар, ақпараттарды таратуға жазылуға болады және басқа да көптеген пайдалы функциялар бар. Жаңа сайтпен Сіздер мына http://work.kmg.kz/ сілтемеарқылы таныса аласыздар. Сонымен қатар, егер түйіндемеңіз кандидаттардың түйіндемелер базасында сақталғанын, Сізге бос орындар туралы тиісті ақпарат келгенін және біздің жаңа позицияларға іріктеу кезінде ескергенімізді қаласаңыз, жаңа сайтта тіркелуіңізді сұраймыз», — делінген компанияның ресми хабарламасында. Айта кетейк, «ҚазМұнайГаз» компаниясы 2002 жылы Президенттің үкімімен құрылған болатын. Негізгі мақсаты — мұнай-газ кешенін дамыту. Компания «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіреді.