2016 жылы қытай мен қазақтың 118 некесі тіркелген

2016 жылы қытай мен қазақтың 118 некесі тіркелген

2016 жылы қытай мен қазақтың 118 некесі тіркелген
ашық дереккөзі
259

Қоғамда үлкен шу шығарған аралас неке мәселесі, оның ішінде қытайлық күйеубала төңірегіндегі дау басылар емес.  Астанадағы неке агенттігінің қызметіне наразылық танытқан белменділердің бастамасынан кейін бұл тақырып әлеуметтік желілілерде қызу талқылануда. Әділет министрлігінің статистикалық деректері алаңдауға негіз бар екенін айғақтайды.

Министрлігінің мәліметі бойынша, 2015 жылы елімізде  6687 аралас неке тіркеліпті. Бірінің азаматтығы Қытай Халық республикасы болып көрсетілген 127 неке қию туралы актісі  тіркелсе, оның 61-інде қытай азаматы Қазақстаннан қыз алып, 66 қазақстандық Қытайдан келін әкелген.

Ал, өткен жылы Қытай елімен дәл осындай 118 ортақ неке тіркеліпті. Яғни экономикалық тауар алмасудан өзге қыз берісіп, қыз алған қазақ-қытай құдалығы да қарыштап дамып бара жатыр.

Қытай жігітіне тұрмысқа шығып, бармағын өте кеш тістеген қазақ қызының бірі – Айгүл. Алматыдағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүрген кезінде азаматтық некеге тұрған қытай күйеуі әйеліне де, кішкентай қызына да қарамай кетіп қалған. Өзге ұлттың етегінен ұстаған қыздан туыстары да теріс айналған. "Басқа ұлттың өкіліне шыққаннан кейін сен жамансың, және сондай болып қаласың. Ауылда туыстарым той жасап жатады, ешбіріне бармаймын", - дейді Айгүл.

Психолог Анна Мергенбайқызының айтуынша, аралас некеден дүниеге келген балаларға ерекше көңіл бөлінбесе, психологиялық соққы алуы мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары