ОСК Сенат депутаттары сайлауының қорытындысын шығарды

ОСК Сенат депутаттары сайлауының қорытындысын шығарды

ОСК Сенат депутаттары сайлауының қорытындысын шығарды
ашық дереккөзі
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы ақпарат таратты деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық  заңының 12, 44, 77 және 81-баптарына сәйкес және 2023 жылғы 14 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаттары болып есептелсін:
Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев; Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов; Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов; Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев; Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев; Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов; Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев; Жетісу облысынан - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов; Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов; Қостанай облысынан - Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов; Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов; Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров; Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов; Солтүстік Қазақстан облысынан - Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова; Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек; Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев; Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов; Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай; Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова; Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.