Сенат сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

Сенат сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

Сенат сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды
ашық дереккөзі
14 қаңтарда барлық өңірден ОСК-ға ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлерге берген дауыстың алдын ала нәтижесі келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz.  width= ҚР Парламенті Сенатындағы 20 орынға 55 үміткер өзара таласты Cайлау аяқталды. Алдын ала нәтижеге сәйкес, мына адамдар Сенат депутаты атанады: Астана - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай. Алматы -  «Алматы даму орталығы» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова. Шымкент - Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров. Абай облысы - Семейдегі құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев. Ақмола облысы - облыстық мәсихаттың хатшысы Талғат Жүнісов. Ақтөбе облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов. Жамбыл облысы - Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев. Атырау облысы - облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Наутиев. Алматы облысы - Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев. Батыс Қазақстан облысы -  облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов. Қарағанды облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Өтешов. Қостанай облысы -  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов. Қызылорда облысы - Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов. Маңғыстау облысы - облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров. Павлодар облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов. Солтүстік Қазақстан облысы - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова. Ұлытау облысы - Сенат депутаты Советбек Медебаев. Шығыс Қазақстан облысы - облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов. Жетісу облысы -  Сенат депутаты Амангелді Төлемісов. Түркістан облысы - Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек.