Танымал спортшы «Аюға» қазақ шапаны сыйға берілді

Танымал спортшы «Аюға» қазақ шапаны сыйға берілді

Танымал спортшы «Аюға» қазақ шапаны сыйға берілді
ашық дереккөзі
Үш дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін әлем чемпионы франциялық Тедди Ринер мен оның жеке бапкері Фрэнк Чамбилиге қазақ шапаны сыйға тартылды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Аты аңызға айналған дзюдошы Алматыда қазақстандық спортшылармен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ринер оқу-жаттығу жиынына тәжірибе алмасу және қазақстандық дзюдошылардың шеберлігін арттыру мақсатында келген. Лагерь Франция Федерациясымен бірлесіп өткізіледі. Бойы 205 сантиметрлі атақты спортшынының лақап аты – «Тедди аю». Ринер - дзюдодан әлем чемпионаттары тарихындағы титулы көп спортшы, Францияда үш рет жыл спортшысы атанған (2012, 2016, 2017). Ол 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.