Мануалды терапия арқылы ем алудың артықшылығы көп - Нұрлан Бәйменов

Мануалды терапия арқылы ем алудың артықшылығы көп - Нұрлан Бәйменов

Мануалды терапия арқылы ем алудың артықшылығы көп - Нұрлан Бәйменов
ашық дереккөзі
Сонау ерте заманнан бері халық арасында емшілердің сүйек ауруларын қолмен емдеу әдісі қалыптасқан. Қазіргі таңда да мұндай мануалды терапия әдісі талай жанға шипа болды. Танымал қазақстандық мануалды терапевт, «Гиппократ» медалінің иегері Нұрлан Бәйменов сұхбат барысында бұл әдіс арқылы емдеудің артықшылығын айтты.  - Нұрлан Барешұлы, Қазақстанда мануалды терапия ресми медициналық әдіс ретінде қолданылып жүр ме? Ем-дом жасау барысы туралы қысқаша айтып өтіңізші.  - Мануалды терапия - қимыл-тірек аппаратының бұзылуын анықтауға және қалпына келтіруге бағытталған диагностикалық және қолмен емдеу әдістерінің жетілген жүйесі. Халық арасында мануалды терапияны «қолмен емдеу» деп атайды. Қазақстанда мануалды терапия жақсы қарқынмен дамып келеді. 1990 жылдары Елбасының Жарлығымен ол дәстүрлі медицина әдістерінің қатарына қосылды. Мен 1996 жылы «Рухани және дәстүрлі медицина» орталығында жұмыс істей жүріп осы әдісті жетік меңгере бастадым. Одан кейінгі емшілік әрі дәрігерлік тәжірибем «Реацентр Қазақстанда» 2019 жылға дейін жалғасты. Осы уақыт аралғында нүктелік, рефлекторлық және қолмен әсер етудің тиімділігіне көз жеткіздім. Әрине, бұл ретте ежелгі философтар мен практиктердің еңбектерінен оқыған анатомия туралы білімімді жетілдірдім. Био және космоэнергетика арқылы берілетін емдеу әдісін қолданған ежелгі үнді және ежелгі қытай философтары, Авиценна, Гиппократ пен Да Винчидің ілімінен бастап қазіргі медицина саласындағы ірі ғалымдардың еңбектеріне дейін зерттедім. Көптеген сүйек ауруларын емдейтін емшілер ата-бабасынан бала кезінен үйреніп, қолданып жүрген көптеген өнерді бойына сіңірген. Мен көркем әдебиеттен гөрі медициналық әдебиет көздеріне көбірек көңіл бөлдім. Оккультизм және экзорцизм  білімін жетік меңгергенім адамдарды емдеу қызметімде көп пайдасы тигенін атап айтқым келеді. Мәскеу, Түркия, Франция елдерінде өткен конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатыстым. Әсіресе, мен үшін 2010 жылы (1430 хижра) Сауд Арабиясына қажылықты орындау парызым мол рухани ілімнің берері көп болды. Бұл методика арқылы ем алған науқастар ауырсынуды аса қатты сезінбейді. Ұстазым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Ш.Шинтаевтың «Тәжірибесіз теория соқыр, ал теориясыз тәжірибе саңырау» деген сөзі бар. Меңгерген білім мен өмірлік тәжірибе үнемі өзіңді жетілдіруде көп көмегін тигізеді. - Мануалды терапия мен остеопатияның айырмашылығы неде?  - Мануалды терапияның негізін Гиппократ қалады. Ал остеопатияны 1874 жылы американдық Эндрю Стилл енгізді. Ол остеопатияны тірек-қимыл аппаратына әсер ету арқылы ауруларға диагностика жасау және емдеудің өзіндік әдісі деп атады. Остеопатия мануалды терапия әдістеріне де жатады. Гиппократтың ежелгі әдісінен бастап Касьян әдісі, остеопатия және тағы басқа әдістердің барлығында белгілі бір ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Мануалды терапияда қолмен емдеудің көптеген қырлары мен әдістері бар. Көп нәрсе маманның әдісіне, емдеу тәжірибесіне байланысты.  width= - Сіздің тәжірибеңізде қандай ауруларға ерекше ем болды? - Мен көп жылдық тәжірибеге негізделген қолмен әсер етудің жеке әдісін қолданамын. Қолмен емдеу және остеопатикалық мамандар үшін мүмкіндіктер ауқымы үлкен. Мұның бәрі ауыз омыртқасынан бастап, құйымшаққа дейін тірек-қимыл аппараты мен омыртқаның проблемаларымен тығыз байланысты. Омыртқаның қисаюының барлық түрлері (сколиоз, лиоз, лордоз, кифоз, тортиколлис) ішкі ағзалардың деструктивті өзгерістердің адам ағзасының әлсіреуіне алып әкеледі. Меридиандар бойымен энергия ағыны мен  ішкі ағзалар жүйелерінің белсенділігі, қан қысымынан перифериялық аяқ-қолдардың ауруларына дейін бүкіл ағзаның бүкіл қызметі бұзылады. Омыртқаның үйкеліс дискілеріне әсер ету арқылы омыртқаны тұтастай түзетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде  бүкіл ағзаның энергия ағыны және қан айналымы жақсарады. - Қандай белгілер пайда болғанда ем алған дұрыс және не нәрсеге баса назар аударған жөн? - Егер қан қысымының жоғарылауы, бас ауруы, сүйектер мен буындардың ауруы, дене қызуының көтерілуі, тұншығу, шамадан тыс терлеу, патологиялық шаршау, апатия, невроз және т.б. белгілер пайда болғанда маманның көмегіне жүгінген дұрыс. - Науқас адам ауруынан жазылған соң қалай күтіну керек?  - Аурудың түріне қарай массаж жасауда, дене тұрысын түзетуде және арнайы жаттығулар сериясына қолмен мануалды әсер ету арқылы қолданылады. Қайталап қалмас үшін белгілі бір уақыт ішінде ауыр жүкті көтеруден және күш түсіретін жаттығулардан аулақ болу қажет. Бірінші кезекте салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданғанның маңызды өте жоғары. Оған әрине дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, таза ауада серуендеу, 10 сағат көлемінде толыққанды  ұйықтау және жан тыныштығын сақтау жатады.

Сұхбаттасқан

Эльмира СҰЛТАНБАЕВА