Аспаздар не үшін айыпты болды?

Аспаздар не үшін айыпты болды?

Аспаздар не үшін айыпты болды?
ашық дереккөзі
216
Ақтөбе облыстық Есет батыр атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының аспаздары «басшылар балаларға арналған тамақты жеп, үйлеріне тасиды» деп прокуратураға шағым түсірген. Кейін жанжалдың ортасында қалған мектеп-интернат басшылығы «аспаздар жала жапты» деп оларды сотқа берді. Моральдық шығын есебінде 800 мың теңге сұрап отыр. Қазір интернаттың асханасында жұмыс істейтін 6 аспаздың төртеуі жұмыстан шығарылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Қала іргесіндегі Есет батыр атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында 150-ден астам бала білім алады. Мұнда облыстың барлық аудан, ауылында спорттың кез келген түрімен шұғылданып, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген балалар білім алады. Бүгін жас спортшылардың асын дайындап, дастарханын жасап беретін аспаздарды мектеп-интернаты басшылығы сотқа берді. «Біздің айлығымыз 28-30 мың теңге. Аспаздар қаланың әр бөлігінде тұрады, қоғамдық көлікпен келеді. Несиеміз тағы бар. Бұл бір қиындығымыз. Екіншіден, интернат басшылары балалардың тамағына ортақтасып, асханадан ауқаттанады. Үшіншіден, балаларға деп тасымалданатын тамақтар көктеп, шіріп кеткен. Барлық жайды айтып, прокуратура, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мен еңбек инспекциясына хабар бердік. Содан соң аспаздарды қуалап, 4 адамды жұмыстан шығарды. Енді «жала жапты» деп сотқа шағымданып отыр»,- дейді аспаз Ұлболсын Смағұлова. Аспаз Ұ. Смағұловтың айтуынша, мектеп басшылығы азық-түлік жеткізушілерден мерзімі өтіп кеткен тауарларды қабылдай береді екен. Жеміс-жидек пен сүт өнімдері жеуге, ішуге жарамай қалған. Мұның бәрі жалған сөз деген мектеп басшылығы аспаздарды жұмыстан шығарды. Кейін іс сотқа түсті. «Аспаздардың шағымынан соң мектеп-интернатта ішкі тексеру жүргізілді. Олардың мерзімінен өтіп кетті деген мәліметі жалған болып шықты. Сондықтан білім ордасына дақ түсіргендері үшін істі сотқа беріп отырмыз», - дейді мектеп-интернат қорғаушысы Гүлнұр Аяғанова. №2 қалалық сотының судьясы Азамат Қабылдинов, бұл іс бойынша психологиялық-филологиялық сараптама тағайындады. Қорытындысы дайын болған соң іс қайта жалғаспақ.    

Серіктес жаңалықтары