Қайғылы жағдай: Маңғыстау облысында үш адам көз жұмды

Қайғылы жағдай: Маңғыстау облысында үш адам көз жұмды

Қайғылы жағдай: Маңғыстау облысында үш адам көз жұмды
ашық дереккөзі
50192
Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында автобустың қатысуымен болған жол-көлік апаты кезінде үш адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 15:35-те болған. ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Түпқараған ауданы ПБ ЕҚДБ-да «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырудағы ЖҚЕ бұзушылық» бойынша тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары