12 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

12 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

12 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды
ашық дереккөзі
50261
10 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше өңірінде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі деп хабарлады turkystan.kz. Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 0-11 сыныптар, Күршім ауданында 0-9 сыныптар, Ақмола облысының Көкшетау қаласында және Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 0-9 сынып оқушылары үйден білім алады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында да 0-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

Серіктес жаңалықтары