Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды
ашық дереккөзі
50294
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2021 жылы 2 шілдеде тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары