«Өрт толығымен сөндірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деді ТЖД.Облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр. 1989 жылы туған жәбірленуші басы, беті және мойынының термиялық күйігін алған, екі қолының 15%-ы күйген. Екінші зардап шеккен азамат 1981 жылы туылған бас сүйек-ми жарақатын алған, денесінде үшінші дәрежелі термиялық күйіктері бар екен.
Ақтауда жарылыс болып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті

Ақтауда жарылыс болып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті
Дәулет ауылында орналасқан «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай тиелген вагон цистерна жарылып, өртеніп кеткен. Салдарынан екі адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілген деп хабарлады turkystan.kz taulik.kz сайтына сілтеме жасап.