Ақтөбе тұрғыны 1.5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған

Ақтөбе тұрғыны 1.5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған

Ақтөбе тұрғыны 1.5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған
ашық дереккөзі
Экономикалық тергеу департаменті "Ақтөбеэлектросетьстрой" ЖШС директоры Болат Көшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында бір миллиард 491 миллион теңге сомасында салық төлемеді деп айыптады, деп хабарлады turkystan.kz.  Алайда, компания директоры кінәні мойындамады. Айыпталушы мемлекеттік сатып алумен жұмыс істеп, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін және жалған шот-фактураларды пайдаланбағанын айтты. Бірақ, сот Болат Көшкеновті салық төлемегені үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот оны мемлекетке бір миллиард 491 миллион теңге көлемінде залалды өтеуге міндеттеді.