Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі күн бұрын жоғалған 61 жастағы ер азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды, деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Биылғы 5 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті, З.Байзақов көшесі, №42 үйде тұратын 61 жастағы Данияр Якубов белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. «Азаматты іздеп табу мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және еріктілерден топ құрылған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде аталған азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Полиция департаменті.
Жүктелуде...