Ажалы ыстық судан болған: 3 әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Ажалы ыстық судан болған: 3 әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Ажалы ыстық судан болған: 3 әйелге қатысты жаңа дерек шықты
ашық дереккөзі
2 қаңтарда Көкшетау қаласында жылу құбырынан атқылаған ыстық судан 3 әйел адам қаза тапты. Жергілікті тұрғындар болған жайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz  "Астана" телеарнасына сілтеме жасай отырып. Қайғылы оқиға Василковка шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Құбырлардан атқылаған ыстық су алдымен пәтерді алып қалған, содан кейін үйдің кіреберісіне, баспалдаққа қарай аққан. Мұны тұрғындар байқап, бірден дабыл қағады. Бірақ олардың айтуынша, құтқарушылар өте баяу әрекет еткен.
"Біз, тұрғындар 109 нөміріне қоңырау шала бастадық. 109-дағылар бізге слесарларға немесе басқа жерлерге қоңырау шалыңыз деп, бір-біріне сілтеумен болды. Біз таңғы 4-5-ке дейін олар берген барлық нөмірге қоңырау шалдық. Содан кейін учаскелік полицияны шақырдық. Олар келгенде ыстық судан есікке жақындау мүмкін болмады", - дейді Көкшетау тұрғыны Жанна Көкешева.
Қазір қайғылы оқиғаның негізгі себебі анықталып жатыр. Сарапшылардың қорытындысы бір айдан кейін белгілі болады дейді мамандар.
"Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Медициналық куәліктің алғашқы қорытындысына сәйкес, әйелдердің өліміне күйік шогы себеп болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Пинчук.