Отызға жуық үйректі заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

Отызға жуық үйректі заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

Отызға жуық үйректі заңсыз атқан браконьерлер ұсталды
ашық дереккөзі
50246
Астанада үйрек атқан браконьер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап. 5 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде астаналық жылу электр орталығы маңындағы су қоймасында болған браконьерлік фактісі туралы бейнежазба тараған болатын.
«Қазіргі таңда бейнежазбада көрсетілген бір адам ұсталды, ол - Астана қаласының тұрғыны. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығарады», - деп хабарлады комитеттен.
Еске салсақ, Ақмола облысында үйрек аулау мерзімі тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары