50254
Данилов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Данилов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.
Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы қаңтарға дейін Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.
2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.