Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясында ұйымдастыру жиынын өткізді

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясында ұйымдастыру жиынын өткізді

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясында ұйымдастыру жиынын өткізді
ашық дереккөзі
50236
Бүгін өткен осы жылдың алғашқы ұйымдастыру жиыны барысында «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия аппараты алдындағы бірқатар міндетті атап өтті. Жиынға бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлік филиалдарының өкілдері қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Жиын барысында «AMANAT» партиясының Төрағасы осыған дейін Атқарушы хатшы қызметін атқарған Асхат Ораловқа сапалы жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ Ерлан Қошанов ұжымға жаңа Атқарушы хатшыны таныстырды. Ол Елнұр Бейсенбаевтың саяси ұйымның, әсіресе, жаңа жағдайда алдына қойылған маңызды міндеттерін жүзеге асыру үшін тәжірибесі мен біліктілігі жеткілікті екенін атап өтті.  width= Сонымен қатар партия Төрағасы осы жылы алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды. Олардың қатарында, «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» партиялық жобаларын жүзеге асыруды жалғастыру, жастармен, әсіресе, ауылды жерлердегі және жұмыссыз жастармен жұмысты күшейту, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру және т.б. міндеттер бар. Ең бастысы, Ерлан Қошанов алда өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына ерекше тоқталып өтті.
«Осы маңызды саяси науқанға дайындықты барынша күшейтуіміз қажет. Бұл ретте, әр аймақтың ерекшелігіне қарай, өңірлік бастамаларға, идеялар мен ұсыныстарға жіті мән беру аса маңызды. Жергілікті мәселелер мұқият зерделеніп, осы тұрғыда халықпен тығыз жұмыс істеу ауадай қажет», – деді партия Төрағасы.
 width=

Серіктес жаңалықтары