Бартоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған барлық адам эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап. «Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялау жұмыстары бүгін сағат 9.40-та Батанға жетпей 23-25 км аралығында түскен үш қар көшкіні қиындатты. Жалпы, авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Полиция департаментінен, облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан, жергілікті атқарушы органдардан, еріктілерден 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада. Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостында ұйымдастырылған жедел штабта қарсы алды.
Жүктелуде...