Мәсімов ісі неліктен «құпия» тергеліп жатыр? – Бас прокурор жауабы

Мәсімов ісі неліктен «құпия» тергеліп жатыр? – Бас прокурор жауабы

Мәсімов ісі неліктен «құпия» тергеліп жатыр? – Бас прокурор жауабы
ашық дереккөзі
50222
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ісі туралы айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау және басқа да аса ауыр қылмыстар туралы іс «аса құпия» режимінде тергелді. Материалдарды жариялауға шектеу қойылған, өйткені оларда мемлекеттік құпиялар бар. Істе сыртқы саяси, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер бар. Оларды жариялау ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.
Қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр. Бас прокурордың айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау; билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер; лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді.
«Тағы бір бұрынғы орынбасары Ерғожин билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша айыпталуда. Сондай-ақ бұрынғы орынбасары Осиповке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа басшыларына өкiлеттiктерді асыра пайдалану айыбы тағылып отыр. Басқа ақпаратты аша алмаймын. Қастандықтың нақты егжей-тегжейін айтуға құқығым жоқ», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары