«Боран салдарынан облыстың 13 ауданындағы 82 елдімекенге баратын жол жабық. Біздегі ақпаратқа сәйкес, мұнда 68 жүкті әйел тұрады. Тұрғындар арасында медициналық көмекті қажет ететіндер жоқ. Барлық азаматтармен байланыс ұйымдастырылды», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Азамат Орымбаев.Айта кетейік, апта соңына дейін аймақта қар жауып, қатты жел күтіледі. Кейін -30 градусқа дейін аяз болады деген болжам бар.
Қостанайда 82 ауыл қар астында қалды

Қостанайда 82 ауыл қар астында қалды
Қостанай облысында екі күнде жауынның айлық нормасының 40%-ы жауып, 82 ауыл қар астында қалды деп хабарлады turkystan.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Мұнда құтқарушылар мен полицейлер 29 бекет ұйымдастырған.