Алматыда бір отбасының 7 адамы із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда бір отбасының 7 адамы із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда бір отбасының 7 адамы із-түзсіз жоғалып кетті
ашық дереккөзі
50268

Алматы облысында құтқарушылар жоғалып кеткен бір отбасыны іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

3 қаңтар күні сағат 8:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Нақтырақ айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бартоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары