Теміртауда төрт адамды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалған

Теміртауда төрт адамды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалған

Теміртауда төрт адамды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалған
ашық дереккөзі
50451

Теміртауда жаңа жыл түні төрт адамды көлік қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға болған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. ВАЗ 2114 автокөлігі бағдаршамда жасыл түс жанғаннан кейін өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кеткен. Видеодан екі ересек адам және екі бала зардап шеккенін көруге болады. Сонымен қатар видеода көлік адамдарды қаққаннан кейін жүргізуші мен басқа куәгерлер де көмекке жүгіре бастаған.

Қарағанды облысының Полиция департаменті өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 54 жастағы әйел қатты зардап шеккен. Ол ауруханаға жатқызылған.

"31 желтоқсанда сағат 19.20-да Теміртау қаласында 33 жастағы жүргізуші Абай көшесімен келе жатып жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан 54 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек полицияда тіркелді және қажет сараптамалар тағайындалды. Ол бойынша қажет процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары