Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Головкиннің айқасы 2022 жылдың үздік 5 жекпе-жегіне енді

DAZN стриминг платформасы 2022 жылы өздерінің сервисінде көрсетілген үздік бес кәсіби бокс айқасының видеосын жариялады деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың тізіміне 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өткен Геннадий Головкин – Риота Мурата WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін айқасы енген.

Бұл жекпе-жекте Головкин тоғызыншы раундта жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ бұл видеоға мына жекпе-жектер енді: Ли Вуд — Майкл Конлан, Кэти Тейлор — Аманда Серрано, Сауль «Канело» Альварес — Дмитрий Бивол және Хуан Франсиско Эстрада — Роман Гонсалес арасындағы айқастар.

Айта кетейік, 2022 жылы Геннадий Головкин екі кездесу өткізді. Муратамен жекпе-жектен кейін «Канеломен» трилогияны жауып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласына есе жіберді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button