Елімізде 9 млн гектар жайылымдық жер тапшылығы бар

Елімізде 9 млн гектар жайылымдық жер тапшылығы бар

Елімізде 9 млн гектар жайылымдық жер тапшылығы бар
ашық дереккөзі
Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті. Онда пайдаланылмай жатқан жер ресурстарының мәселесі талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. Комитет төрағасы, Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Артур Платонов Қазақстан  жайылымдық жер бойынша әлемде 5-орында тұрғанын, дегенмен еліміздегі ауыл тұрғындары үшін жайылым мәселесі әлі де өзекті екенін айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауында тиімді игерілмей жатқан жер ресурстарының мәселесі өзекті екенін атап өткен. Ол агроөнеркәсіптік кешен үшін де, ауылда тұратын әрбір азамат үшін де маңызды. Ауыл  тұрғындары мал жаятын өріс таба алмайды. Бұл мәселе осыған дейін де көтерілген еді. Біреуі кіргізбейді, тағы біреуі қоршап алады. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орынға ие. Жайылымдық жер бойынша 5-орында тұр. Алайда біз мал жаятын өрістердің тапшылығына душар боламыз. 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында да Мемлекет басшысы ауылдық тұрғындардың негізгі күнкөрісін ұмытпау керегін айтқан еді», - деді ол.
 width= Оның айтуынша, ауылдық жерлерде 9 млн гектар жайылымдық жер тапшылығы бар.
«Бізде азық-түлік тапшылығы бар, ресурсы аз көршілерімізден  миллиард долларға азық сатып алып отырмыз. Ал баға күннен-күнге қымбаттап жатыр. Оған геосаяси себептер келтіріледі. Шын мәнінде, біздің аяқталмаған істеріміз көп. Игерілмеген жер ресурстары мен жайылымдық жер тиімділігінің ауыл тұрғындарының жақсы өмір сүруінен ғана байқалады. Қазір кез келген ауыл тұрғынында кішігірім шаруа қожалығы бар. Ол сонымен өз отбасын асырап отыр. Сондықтан жердің игерілу мәселесі тек экономикалық қана емес, әлеуметтік-саяси маңызға ие», - деді Артур Платонов.
2 желтоқсанда «AMANAT»  партиясының төрағасы Ерлан Қошанов пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша «Жер аманаты» комиссиясының отырысын өткізді. Комиссияда жер қатынастары саласындағы маңызды проблемалар талқыланып, талқылау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді.  width= Ауыл шаруашылығының вице-минситрі Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, еліміздің жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.
«Қазір министрліктің Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейінгі 5 млн гектар пайдаланылмаған жерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті. Жалпы, жоспар 10 млн болды. Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Министрлік пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша өңірлерге, аудандар бөлінісіне жобаның жоспарын жеткізді. Алайда бірқатар өңірдің жергілікті атқарушы органдары арасында осы тапсырманы орындауға деген құлшынысы төмен немесе жоқ деп айтсақ та болады. Мәселен, министрлік жіберген жауап бойынша Павлодар облысы объективті себепсіз жерді қайтару жоспарын бекітуден бас тартып отыр. Бұл ретте 380 мың гектарды қайтару жөніндегі көрсеткіш облыс бойынша пайдаланылмайтын және орынсыз пайдаланып жатқан 628 мың гектар жерді есепке ала отырып бекітілген еді», - деді ол.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығының вице-министрі Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында министрлік жоспарымен келіспей, пайдаланылмайтын жерді қайтару жоспарындағы алаңдарды 2 есеге азайтып отыр. Бас прокуратураның мәліметінше, игерілмей жатқан жер ресурстарын мемлекетке қайтарудың бәсеңдеуіне себеп – жер конкурстарының қағаз жүзінде өткізілуі болып отыр. Бұл жер ресурстарын әділ бөлуге кедергі келтіреді. Биыл 3 млн заңсыз берілген жайылым анықталған. Мәселен, Жамбыл облысында мемлекетке 60 мың жайылымдық жер, Павлодар облысында 73 мың гектар жер берілген. Айта кетейік, кеңес отырысына министрліктің, ел өңірлеріндегі партия өкілдері және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты.