Ақтау гарнизонының әскери қызметкері күдікке ілінді

Ақтау гарнизонының әскери қызметкері күдікке ілінді

Ақтау гарнизонының әскери қызметкері күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Ақтау гарнизонының әскери қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді әскери тергеу органдары жүргізіп жатыр. Ол қызын зорлады деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы InAktau.kz басылымына ҚР Бас әскери прокуратурасы хабарлаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі («Зорлау») және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 3-бөлігі («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша жүргізіліп жатыр.
«Әскери қызметшіге сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің балаларға жасаған басқа зорлық-зомбылық фактілері тіркелген жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу») сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деді Бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермекбаев.
Бейресми деректерге сүйенсек, күдікті теңіз жаяу әскерінің қызметкері. Жәбірленуші 11 жаста. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жарты жылдай жалғасқан. Отбасында тағы бір қыз бар, болған жайтты сол қыз камераға түсіріп алған.