Ақтөбеде балалар мінген көлік жол апатына ұшырады

/
Ақтөбеде  балалар мінген көлік жол апатына ұшырады
ашық дереккөзі
Ақтөбеде балалар мінген көлік жол апатына ұшырады Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырады деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылды. Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан. Апат салдарынан бір бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Құрметті азаматтар! Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес, балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруі үшін белгіленген мерзімге дейін 3 тәулік бұрын сұраныс ұсынылуы қажет, - деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары