13 жастағы семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды

/
13 жастағы семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
13 жастағы семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды Желтоқсанда Калутара қаласында (Шри-Ланка) оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Жас спортшылар барлығы 16 медаль жеңіп алды, оның үшеуі Абай облысының еншісінде деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  width= Облыстық әкімдік мәліметіне сенсек, блиц турнирінде әр елден келген шахматшылар арасында 13 жас аралығында алтын медалін жеңіп алған Сұлтанбейбарыс Думанұлына тең келетін ешкім болмаған.  width= Классикалық шахмат турнирінде де өз жас тобында 1-орынға ие болып, ФИДЕ халықаралық шебері атағына қол жеткізді.  width= Ал рапид шахмат турнирінде Сұлтанбейбарыс қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, оның қарындасы Әлфараби Думанқызы рапидтен 15 жасқа дейінгі категорияда 4-орынға ие болды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары