50301
«Кулачный бой» спортынан қазақ баласы алғаш рет өнер көрсетеді
«Кулачный бой» спортынан қазақ баласы алғаш рет өнер көрсетеді

«Қазақ титаны» аса танымал Америкалық Bare Knuckle Fighting Championship @bareknucklefc промоушенымен көптен күткен келісім шартқа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
«Дэвид Фельдман атты BKFC промоушенының негізін қалаушы - @davidfeldmanbkfc мені және өнерімді байқап қалыпты, маған бір жылдық келісім шарт жіберген болатын.
Құдай қаласа, бір жылдың ішінде 4 рет жекпе-жекке шықпақпын! Мен қатысатын спорт түрі «Кулачный бой» деп аталады. Бұндай жарыстарға бұрын соңды қазақ спортшылары шықпаған. Алланың қалауымен мен бастап шығып жатырмын!
Менің ең басты мақсатым - Америкада Қазақстан туын желбірету еді. Сол арманым орындалғалы жатыр!
Мен ол кісінің көзіне қалай түстім? Ол кісі менің барлық бұрынғы жетістіктерімді байқапты: поезд, вагон самолёт, түйемен болған рекордтардың бәрін бағалап, ұсыныс берді.
Ендігі жоспарым - жақсы дайындалып, жақсы нәтиже көрсету!» деп жазды Алмат Жұманов әлеуметтік желіде.