Айдос БҮРКІТБАЕВ, мүсінші: Ахмет атамыздың мүсінін жасарда тарихын көп зерттедік

Айдос БҮРКІТБАЕВ, мүсінші: Ахмет атамыздың мүсінін жасарда тарихын көп зерттедік

Айдос БҮРКІТБАЕВ, мүсінші: Ахмет атамыздың мүсінін жасарда тарихын көп зерттедік
ашық дереккөзі
Биыл ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұрсынұлының 150 жыл­дық мерейтойы атап өтілді. Осы­ған орай Алматы қаласында Алаш қоз­ғалысы рухани көсемінің ес­керт­­кішін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өзі ашып, мүсін ав­торлары Айдос Бүр­кітбаев пен Тимур Ермұхаметовтің жұмысына оң бағасын берген болатын. Ағар­ту­шының қоладан жасалған алып мүсіні халықтың да көңілінен шық­ты. Бұған дейін елімізге бел­гілі көптеген тұлғалардың мүсінін жа­саған шебер Айдос Бүр­кіт­баев га­зетімізге сұхбат беріп, мүсін өне­рінің қыр-сырын бөліскен еді. – Ахмет Байтұрсынұлының ескерт­кі­шін көрген жұрт «айнытпай жасапты» деп, пікір білдіріп жатыр. Бұл туынды қа­лай өмірге келді? – Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ес­­­керткішіне қатысты конкурс жарияланды. Оған еліміздің әр өңірінен 10-15 мүсінші қа­­­тыстық. Соның ішінде Тимур екеуіміз жа­саған мүсінмен қоса, тағы бір-екі жұмыс мем­лекеттік комиссияның қарауынан өтіп, нәти­жесінде біздің жұмыс таңдалды. Жалпы, елі­мізде белгілі тұлғаның ескерткіші ор­на­тылатын кезде әкімдік конкурс жариялайды. Мұның алдында жасаған мүсіндеріміз де осын­дай конкурс арқылы өткен. Ескерткішті жасамас бұрын еліміздегі ұлт ұстазына арналған жұмыстарды қарап шық­тық, отырған мүсіндері бар екен. Сөйтіп, ой­лана келе қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғы­лымдарының негізін салған ғалымның тұр­ған бейнесін жасайық деген шешімге кел­дік. Ескерткішті қарасаңыз, ағартушының сол қолында кітабы бар. Білім жолында жү­ріп, жастарға мол мұра қалдырған интел­ли­гент адам болған соң, болмысын, мінезін осы­лай көрсетуге тырыстық. Мүсінді екі айдан астам уақыттың ішінде то­лығымен бітірдік. Материалы қоладан, ас­­тындағы тасы граниттен жасалған. Жұ­мы­сы­мыз халықтың, Президенттің көңілінен шық­қанына қуандық.  width=– Негізі, ескерткіш ресми түрде ашыл­май тұрып, интернетте видеосы та­ралған болатын. Сол кезде-ақ оқыр­мандар жылы пікір білдіріп жатты. Бұл туралы білдіңіздер ме? – Мүсінді жасап жатқан кезде жұмы­сы­мызды комиссия мүшелері келіп көрген бо­латын. Соның бірі видеоға түсіріп, интер­нет­те таралып кетіпті. Алайда авторы дұрыс көр­сетілмеген екен. Оны аса көңілімізге ал­мадық. Көпшілік кейін ескерткіш ашыл­ғанда авторы біз екенімізді білді. Ең бастысы, халықтың пікірі жақсы болды. Бұл еңбектің еш кетпегені ғой.  width=– Жақында Тараз қаласына қойыл­ған жазушы Шерхан Мұртазаның ес­керт­кішін де сіздер жасаған екенсіздер. Одан бөлек, мемлекет және қоғам қай­рат­кері Нұртас Оңдасынов, композитор Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің авторысыз. Тұлғалардың бейнесін сом­дау оңай емес әрі үлкен жауапкершілік. Осы орайда тұлғалардың өмір жолын біраз зерттеген боларсыздар. – Әрине. Бұған дейін Алматыда ашар­шы­лық құрбандарына арналған ескерткішті жа­садық. Астана қаласына қойылған Әбу На­сыр әл-Фараби, Алматыда жаңа өзіңіз ай­­тып өткен Нұртас Оңдасынов, Шәмші Қал­­даяқовтың ескерткіштері, одан кейін Та­раз қаласындағы Шерхан Мұртаза атамыз­дың ескерткіші де біздің туынды. Тұлғаларға арналған мүсіннің сәтті шығуы оның сырт­қы келбеті ғана емес, ішкі жан дүниесіне үңі­­ліп, мінезін көрсете білуге де тікелей бай­­ла­нысты. Мүсінді жасайтын кезде «Ол кісі кім?», «Қан­дай мамандық иесі болған?», «Қандай жол­мен жүрген?», «Түрі, мінезі қандай бол­ған?», «Бойы қандай?», «Қандай киім киген?» де­ген сұрақтарға жауап іздейміз. Өмірімен та­нысамыз, оқып, зерттейміз. Сонымен қа­тар ішкі жан дүниесіне үңілеміз.  width= Мысалы, Ах­мет атамыздың бейнесін сомдайтын кезде ол кісінің мұрағаттағы суреттерін қарадық. Жас кезіндегі, қартайған кезіндегі бейнесін із­де­дік. Өмір жолы туралы қайталап оқып шық­тық. Ал жазушы Шерхан Мұртазаның мү­сіні 20 шақты жұмыстың ішінен 90 балл ал­ды. width= Жұмысымызды көруге комиссия мү­шелерінен 50 шақты адам келді. Арасында қазақ зиялылары, кезінде Шерхан атамызбен ара­ласқан, бірге жүрген достары, әріптестері, за­мандастары бар. Жазушыны жақсы тани­тын жандарға жұмысымыздың ұнағаны бізге де қуаныш сыйлады. Одан кейін Астанада мем­лекеттік комиссиядан өтті. Жалпы, кімнің мүсінін жасасақ та, өмір­баяны, еңбек жолы туралы мәліметтерді оқып, суреттерін, бейнематериалдарын қа­рай­мыз. Сосын образын шығарамыз. – Мүсінін жасайтын тұлғаның өмір жо­лын оқып отырып, өзіңізге ерекше әсер еткен оқиға болды ма? – Иә, әр тұлғаның өмір жолы өз алдына бір тарих сияқты. Мысалы, Ахмет Бай­тұр­сынұлының тікелей ұрпағы болмағаны, «ха­лық жауы» атанып, қасірет шеккені, ар­тына мол мұра қалдырғаны, өзі емес, кейінгі ұрпақ үшін өмір сүрген жанкештілігі адамды бейжай қалдырмайды. Біз мүсінін жасаған тұлғалар тектілігімен, білімімен, кейінгіге қалдырған өнегесімен ел есінде қалды.  width=– Мүсінші болуды кішкентайыңыз­дан армандадыңыз ба? Бұл салаға қалай келдіңіз? – Бірінші сыныптан бастап сурет салуға бейім болдым. Сурет сабағында сыныптас­тарым­ның суретін салып беретінмін. Бәрі кә­дімгідей кезекке тұрып, маған суретін сал­ғызатын. Мамандығымды жақсы көремін. Тимур екеуіміз 2002-2005 жылдары Т.Жүр­генов атындағы Өнер мектебін, кол­лед­­жін, одан кейін академиясын бітірдік. Осы салада 11 жыл бойы оқыдық, қазір де бір­ге жұмыс істеп келеміз.  width=– Қалай ойлайсыз, елімізде мүсін­ші­лердің еңбегі лайықты бағалана ма? – Иә, мүсіншілердің еңбегіне сай еңбе­к­а­қы төленеді. Авторлық сыйақысы да бар. Со­нымен қатар мүсінші ескерткішті тиісті орнына өзі қоя алады немесе авторлықты бел­гілі бір компанияға беріп не болмаса сатуына бо­лады.  width=Біз конкурстан ұтқаннан кейін мүсінді бел­гіленген орнына өзіміз апарып орнатып бере­міз. Ресми ашылуына да қатысамыз. Өйт­кені көп компанияға сенім арта алмай­мыз. Негізі, мүсіннің өзі бір бөлек, дизайн, құры­­лыс жұмыстары бір бөлек болады. «Шым­шық сойса да қасапшы сойсын» деген ғой дана халқымыз. Мүсіннің сырын мүсін­ші­ден артық ешкім білмейді. – Сіздіңше, елге еңбегі сіңген тұлға­лар­дан бөлек, тағы қандай мүсіндердің қа­тарын көбейткен дұрыс? – Біз үшін ұлы тұлғалардың мүсінін жа­сау – үлкен мәртебе. Қазір дамыған елдерде за­манауи әрі үлкен мағына беретін мүсіндер жақ­сы бағаланады. Қазақстанда да сондай мү­сіндер болса дейміз. Сондай тарихи-та­ным­дық мәні бар дүниелерді де жасағымыз ке­леді. Мүсін жасаумен ғана шектелмей, сәу­лет өнерінің дамуына да атсалыссақ деген ойы­мыз бар. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ