Әзербайжанда 8 адам мина жарылысынан зардап шекті

Әзербайжанда 8 адам мина жарылысынан зардап шекті

Әзербайжанда 8 адам мина жарылысынан зардап шекті
ашық дереккөзі
14 желтоқсан күні сағат 18:00 шамасында Қалбажар ауданының әскери прокуратурасына Чираг ауылында 8 адам мина жарылысынан зардап шеккені туралы ақпарат келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz. Жарылыс салдарынан бір сарбаз қаза тауып, 7 адам жараланды. Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасы, Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрлігінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.
«Әуелде ауылдағы жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын серіктестіктің 4 қызметкері минаға түсіп қалған. Сол жаралыларды эвакуациялау үшін оқиға орнына жіберілген 4 әскери қызметкер де мина басып кеткен. Олардың үшеуі әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алса, біреуі қайтыс болды» деп жазылған хабарламада.