Теміртаулық оқушы мектепте жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған

Теміртаулық оқушы мектепте жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған

Теміртаулық оқушы мектепте жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған
ашық дереккөзі
Теміртауда оқушы сабақтан үйіне ерте қайту үшін мектепте «жарылғыш зат» орнатылды деп хабарлаған деп жазады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
14 желтоқсан күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасына белгісіз баланың дауысында біреу хабарласып, 20 мектепті және онда бар барлық адамдарды жарамын деп мәлімдеген.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына саперлермен барлық жедел қызметтер жіберілді. Полиция қызметкерлерімен мектептен барлығы 500 адам, яғни мұғалімдер мен оқушылар эвакуцияланды. Сондай-ақ мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды.
Білім беру мекемесіне жүргізілген тексеру жұмыстары барысында оның ішінен ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Теміртау қалалық Полиция басқармасы экстремизмге қарсы күрес бөлімі қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында сол мектепте оқитын 12 жастағы оқушы анықталды. Ол үйіне ерте кету үшін мектепте жарылғыш зат бар деп хабарлағаны туралы түсіндірді.