50966
Сенсация: емі жоқ рактан 13 жастағы қыз емделіп шықты
Сенсация: емі жоқ рактан 13 жастағы қыз емделіп шықты
Емі жоқ деп саналатын рактың ауыр түрімен күресіп жатқан қыздың бойынан дертті «жұлып» алған, медицина үшін революция болған жаңа емдеу тәсілі өз нәтижесін берді.
Алиса есімді 13 жастағы қызға басқа емдердің бірі де жұғым болмаған.
Грейт-Ормонд-стрит ауруханасының дәрігерлері «базалық өңдеу» деп аталатын жаңа емдеу тәсілі арқылы Алисаның өмірін сақтап қалды. Соңғы 6 ай ішінде рактың ізі де қалмаған. Дегенмен, Алиса әлі де болса бақылауда. Дәрігерлер дерттің клеткасы қайта оянып кетпес үшін сақтанып отыр.
Лестерден келген Алиса өткен жылдың мамыр айында Т-жасушалы лимфобластикалық лейкемия деген диагноз алады. Негізі Т-жасушасы денені сыртқы қауіптен қорғау керек, бірақ Алисаға ол жасуша керісінше қауіп төндіріп, бақылаудан шығып кеткен.
Кішкентай қызда агрессивті рак. Химиотерапия да, содан кейін сүйек кемігін трансплантациялау да жемісті болмаған.
«Қандай жағдай болмасын, мен өлетін едім», – дейді Алиса. Ал оның анасы Киона былтыр бірге өткізген Рождества соңғысы ма деп қорыққан.Грейт-Ормонд-стрит дәрігерлерінен құралған команда базалық өңдеу деп аталатын, осыдан алты жыл бұрын ойлап тапқан технологияға жүгінген. База – өмір «тілі». Төрт негізгі тип – аденин (А), циозин (Ц), гуанин (Г) және тимин (Т) – біздің генетикалық кодымыздың құрылыс блоктары. Әліппедегі әріптер жиналып келіп, сөз құрап, белгілі бір мән бергендей, біздің ДНҚ да миллиардтаған негізден тұрады. Базаны өңдеу арқылы ғалымдар генетикалық кодқа белгілі бір мөлшерде жақындай алатын болып шықты. Олар тек бір ғана базадағы жасуша базасының құрылымын өзгерткен. Ал басқа дәрігерлер тобы мен ғалымдар сол құралды Т-жасушаның жаңа түрін ойлап табу үшін пайдаланып, Т-жасушадағы рак клеткаларын бақылап, Алисаны рактан айықтырмақ ниетте болған. Олар алдымен донордан алған жаңа Т-жасушасынан бастаған және кейін түрлендірген.
«Ол – тұңғыш рет осы технология арқылы ем алған қыз», - деді Грейт-Ормонд-стрит ауруханасының профессоры Васим Касим.